Зеленов ауданының әкімі ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы хақында ел алдында есеп берді

Ақпан айының екінші апталығында, сәрсенбінің  сәтті күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Зеленов ауданына атбасын бұрған болатын. Осы күні аудан әкімі  Кәрім Жақыпов қой жылында іске асқан қыруар шаруаның басын қайырып, яғни ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы хақында ел алдында  есеп берді.

????????????????????????????????????

Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Талғат Байзатов, облыс әкімдігінің өкілдері, облыстық басқармалар мен кәсіпорындардың басшылары, ауыл әкімдері мен  аудандық бөлім басшылары куә болды.


 

Аудандық  мәдениет  үйінде өткен жиын барысында меймандарды қарсы алған  аудандық  ардагерлер үйінің тұрғындары облыс басшысына жылы лебіздерін арнап, естелікке қазақ хандығы туралы жазылған кітап сыйлады. Қарттарымызға зор денсаулық тілеген Нұрлан Асқарұлы одан әрі  ауданымызда  жүзеге  аспақ рухани орталықтың бас жоспарымен танысуды құп көрді. Содан соң ауданымыздың тыныс – тіршілігінен хабардар еткен  әр түрлі сала басшыларының жұмыстарына құлақ түрді.

Сонымен бірге, қой жылында жаңарған мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Айта кетейік, 380 орындыққа арналған бұл мәдени ошақтың күрделі жөндеуіне  республикалық бюджеттен 230 млн. теңге қаражат бөлінген. Концерт залынан бөлек жас жұбайларға арналған неке қию залы, спорт залы, әдістемелік бөлмелер мен өрендерді өнерге баулитын түрлі үйірме кабинеттері жасақталған. Сондай-ақ 58 мыңнан астам кітап қоры бар аудандық кітапхана да осы ғимаратта орналасқан. Мәңгілік парасаттың киелі мекені оқырман залы, абономент бөлімі, жинақтау бөлімі мен 17 мыңнан астам қоры бар орталық балалар кітапханасын қамтиды.

Аудан әкімі 2015 жылды қорытындылады, мешін жылында атқарылатын міндеттердің тінін тарқатты.

         Кездесу жиынында Макаров ауылының тұрғыны Төлеген Жақсыбаев  аудан әкімінің жұмысына оң баға берсе, Роза Мұхамбетова қос әкімнің жұмысына көңіл толатындығын ризашылықпен жеткізгенімен, Макаров округі әкімінің жұмысына қынжылатындығын білдірді.

Аудан әкімі Кәрім Кәрімоллаұлының жылдық  есебін тыңдаған  өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жұртшылықты алдағы уақытта өтетін саяси науқанға, яғни Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және  әр деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысуға шақырды.

Сонымен қатар жиын барысында халықтың үніне құлақ түрген  облыс әкімі ел тарапынан қойылған  сауалдарға тұщымды жауабын беріп, әр істің  қараусыз қалмайтындығын айтты.

Сондай -ақ, облыс басшысы өз сөзінде осы мешін жылында Мичурин ауылдық округі Зеленый ауылында және Макаров ауылдық округі Садовое ауылында Шаған өзені арқылы өтетін жаяу аспалы көпір салынатындығын, ал Рубежин  ауылындағы мәдени ошақтың  күрделі жөндеуден өтетенідігін айтып, зеленовтықтарды бір қуантып тастады.

Самал ЖАМЕТ, Динара НАСЫР

суреттерді түсірген  Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

 
www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз