Жаңа Hyundai-мен бірге самокат беріледі

Электросамокат 20 км/сағ жылдамдықта 20 шақырымды еңсеруге қауқарлы. 

Hyundai өз автокөліктеріне электросамокат сынды аксессуар жетіспейді деген шешімге келіп, 2017 жылғы прототипті жарыққа шығаруға дайындалуда. Электросамокат жаңа үлгілерде штаттық опция ретінде пайда болады, бірақ мұнда дәл қай үлгілер туралы сөз болып отырғаны белгісіз.

Самокаттың өзі жайлы ақпарат жеткілікті. Оның жүріс қоры 20 шақырымды жүріп өтуге жетеді. Ең жоғарғы жылдамдығы — 20 км/сағ. 7.7 келілік қозғалыс құралының энергияны қайта алу жүйесі жоқ, бірақ келешекте өндіруші оны қосуды жоспарлап отыр. Бұл сапардың қашықтығын шамамен 2 шақырымға ұзартуға мүмкіндік береді.

Электросамокаттың қашан автокөлік опциясы болатыны жөнінде Hyundai әзірге ақпарат бермеді.

https://kolesa.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз