Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын сайтқа жариялау шарттары мен ақысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға www.ip24.kz сайтына сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау шарттары мен ақысы туралы хабарлаймыз.

Сайт пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидат (бұдан әрі – Кандидат) немесе кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт жасалады.

Кандидаттардың материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсуі тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын сайт иесі айқындайды.

Барлық материалдар сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флэш-карта) ұсынылады.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда Үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Үгіт-насихат материалдарын сайтқа орналастыру үшін саяси партияның, не мажоритар бірмандатты не өзін-өзі ұсынғанын үміткер немесе оның сенімді өкілінен жазбаша өтініш қабылданады. Келісім-шарт жасалуы үшін мына құжаттар қоса ұсынылуы тиіс:

Саяси партияның, не мажоритар бірмандатты не өзін-өзі ұсынғанын үміткердің өзінің немесе сенімді өкілі екенін растайтын құжат көшірмесі;

Жазбаша өтініште үгіт-насихат материалының көлемі мен түрі туралы көрсетілуі шарт;

Дайын үгіт-насихат материалының мәтіні мен видеосы сенімді өкілінің қолы қойылып, мәтіні электронды тасымалдағышта ұсынылуы тиіс.

Үміткер немесе олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат материалдарын жеке парақшаға жарияланымнан 2 күн бұрын дайын түрде беруге тиіс.

 Дайын үгіт-насихат материалдары ақысы төленгеннен кейін жарияланады.

 

Ақпараттық материалдарды орталастыру

Стоимость, KZT

Банер

40 000

Сұхбат / мақала/пресс-релиз/ақпарат (5000 белгі + 3 фото, мақалалар айдарында)

40 000

Бейнеролик  (1 минуты)

15 000

Әлеуметтік желіде ақпаратпен бөлісу

15 000

* Ақпараттар «Агитациялық материал» атауымен белгіленеді және қаржыландыру көздері туралы ақпаратпен қоса жарияланады

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз