Өңір басшысы Қазталов ауданында

1-2 ақпан күндері облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазталов ауданына іссапармен барды.

Іссапарының алғашқы күнінде Сарықұдық, Жалпақтал, Жаңажол, Бостандық ауылдарының әлеуметтік бағыттағы атқарылып жатырған жұмыстарымен танысты және ауыл тұрғындарымен пікірлесіп, әңгімелесті.

Аудандық мәдениет үйінде болған халық жиынында Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр ауданда жыл ішінде атқарылған жұмыстардан есеп берді. Халық жиынына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, тұрғындар алдында облыста атқарылып жатырған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер жөнінде сөз сөйледі. Облыс әкімінің іссапарында бірқатар облыстық басқарма басшылары бірге жүрді.

Облыс әкімі ауданда атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Биылғы жылы аталып өтілетін мерекелерді толағай табыстармен және бірлік пен татулық аясында ұйымдастыруды айтып өтті.

www.zhaikpress.kz
Гүлфия Көшбаева
Қазталов ауданы

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз