Оралда мәслихат депутаттары шырша отырғызды

Оралда бүгін қалалық мәслихат депутаттары жасыл шырша көшеттерін отырғызды.

Қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеровтің сөзіне қарағанда, екі айға созылатын «Игі істер уақыты» шарасы аясында депутаттар өз қаржыларына шырша сатып алып, енді олардың бой түзеп, өсіп кетуіне де жауапты болмақ. Сөйтіп олар Оралдың жасыл қалаға айналуына өз үлестерін қоспақ.

Халық қалаулыларының шырша егу рәсіміне қатысқан Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, биыл қаланың әр бөлігінде қылқан жапырақты және басқа ағаштарды көптеп отырғызуға барынша мән берілуде. Ірі кәсіпорындар, түрлі мекемелер, сауда, ойын-сауық орындары өз аумақтарын абаттандырып, ағаш егуде. Бұған барлық қала тұрғындары үн қосса, ізгілікті іс болар еді. 

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз