Оралда өрт сөндіруші ведосипедпен келе жатқан жасөспірімді қағып кетті

БҚО ТЖД өртке қарсы қызмет маманы жүргінші жолағында 15 жасар жасөспірімді қағып кетті.

Апат 11 қазанда  кешкі сағат жетілер шамасында орын алды. Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргінші жолағында велосипедпен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасына қатар орналасқан риэлторлық кеңсе қызметкерлері куә болған.

 «Ока»  баланы қатты соқты. Ол тіпті велосипедімен бірге ұшып кеткен. Жүргізуші велосипедті бірден көлігіне салып алмақшы болуға әрекеттенді, алайда полицейлер көлігінің дабылын естіген ол  қайтадан орнына әкеліп қойды», - дейді куәгерлер.  

Полицейлер мен жедел жәрдемді олар шақыртқан.  

 «Полиция келгенде, жүргізуші қызыл куәлігін көрсетіп, бұрыннан танитын адамдарша қол алысып амандасты», - деп атап өтті көргендер.

«Ока» машинасын  БҚО ТЖД өртке қарсы қызмет көлігінің қызметкері басқарғаны анықталды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем зардап шегушіні облыстық ауруханаға алып кетті. Жасөспірімнің өміріне еш қауіп жоқ.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз