Оралдағы қалалық аурухана құрылысы аяқталуға жақын

Оралда 300 төсек-орынға арналған қалалық көпсалалы аурухананың құрылысы аяқталып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Нысан 2015 жылы пайдалануға берілмек.

Қалалық көпсалалы аурухананың құрылысына 8,2 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Қаражат үш жыл ішінде игеріледі. Құрылыс мердігері «Болашақ-Т» компаниясы. Жаңа ауруханада 100 төсек-орынға арналған перзентхана орналастырылады.

«Барлық жұмыс ойдағыдай өтуде. Қалалық аурухана төрт негізгі және бес қосалқы корпустан тұратын болады. Онда қазандық, кір жуатын орын, 5 көлікке есептелген гараж орналастырылмақ. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Әрлеу жұмыстары жүріп жатыр», -деді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Арман Өксікбаев. 

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз