Оралдық дәрігерлер Эбола безгегін анықтау дайындығын тексерді

Оралда барлық қызметтердің Эбола безгегін анықтау дайындығын тексеру мақсатында оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығуға Орал обаға қарсы стансасы, қалалық жедел медициналық көмек стансасы, залалсыздандыру стансасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады. Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиғи ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген. Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді. Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ. Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады. Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады. Ебола ауруы алғаш рет Судан (қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз