Зеленов білім бөлімінде жаңа басшы

Зеленов ауданы әкімі К.К.Жақыповтың өкімімен Сафиуллин Серік Нәженұлы Зеленов аудандық білім беру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

С.Н.Сафиуллин 1960 жылы туған, 1984 жылы «Құрмет белгісі » орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын математика және физика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Косқөл қой совхозының көлік ауласының жұмысшысы болып бастады.

1984 жылы жоғары оқу орнын бітірген соң 1986 жылға дейін Шыңғырлау ауданы Лебедев 8 жылдық мектебінің математика мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

1986-2001жж. аралығында Теректі ауданының Жайық 8 жылдық мектебінің директоры, математика, физика пәндерінің мұғалімі, кейін Ақсуат орта мектебінің директоры, математика, физика пәндерінің мұғалімі қызметін атқарды.

2001-2007 жж. Орал қаласындағы «Ақ ниет» гимназиясының математика пәні мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.

2007-2012 жж. М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейдің директоры лауазымында болды.

2012 жылдың қазан айынан осы кезеңге дейін Орал қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Бүгін Серік Нәженұлы жұмыс ұжымына таныстырылды.

www.zhaikpress.kz, Түгелбай Бисенов
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз