Жалпақтал ауруханасы «Үздік мемлекеттік кәсіпорын-2014» Ұлттық сертификатымен марапатталды

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді.

Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандар Жалпақтал аудандық ауруханасында баршылық, олардың ерен еңбеңгі еленіп, ауруынан айыққан ауыл тұрғындары алғыстарын жаудырып жатады.

Жақында осы Алмас Тоғайбайұлы жетекшілік ететін Жалпақтал ауруханасы жеке табыс салығын жүйелі төлеуде «Сауда-өнеркәсіптік рейтингі» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес-рейтингі ұйымдастыру комитетінің төрайымы Г.Хабибрахманова, Ұлттық бизнес-рейтингілердің халықаралық рейтингілер Одағының президенті В.Гижицкий қол қойған Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал аудандық ауруханасы үздіктер қатарынан табылып, «Үздік мемлекеттік кәсіпорын-2014» Ұлттық сертификатымен, сонымен қатар кәсіпорындарды рейтингілеу қорытындысы бойынша аталған аурухананың бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес-рейтингі ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкер» орденімен марапатталды.

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз