Жаңақалада дала өрті орын алды

Кеше сағат 17. 40 шамасында Жаңақала ауданында  дала өрті орын алды.

Жаңақала аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, жалпы көлемі 5 га жерді от шалды.Жаңақала ауылының дәл іргесінде орналасқан көлдің қамысын өрттен құтқаруға 2 машина, 20-ға жуық адам жұмылдырылды. Бұл биылғы жылы орын алып отырған алғашқы дала өрті.

Аудандық өрке қарсы бөлімше бастығының айтуынша қамысты тұрғындар өздері 5 жылда бір қолдан өртеп тұрады екен. Әйтсе де ауылдың дәл іргесінде орналасқандықтан, оның үстіне күннің қолайсыздығына байланысты өртті мамандар дереу сөндіріп, өрттің жайылуына жол бермеді.

www.zhaikpress.kz
Надежда Есетова

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз