Жұлдыз жорамал (08.09.14–14.09.14 жж.)

Тоқты

Апта барысында көптен бері қатынасыңыз үзілген жанмен кездесуіңіз мүмкін. Алдағы күндерді жақсы көңіл-күймен өткізуге тырысыңыз. Біреуді сыртынан ғайбаттаудан сақ болған абзал. Демалыс күндері киім-кешек сатып алуға қолайлы. Сауапты істерді жасауды әдетке айналдырыңыз.

Торпақ

Аптаның әрбір күнін бос жібермей, құрған жоспарларыңызды іске асыруды бастаңыз. Қызметіңізді ауыстыруды ойға алсаңыз, өзіңізді жақын тұтар жандармен ақылдасқаныңыз абзал. Қай ортада жүрсеңіз де, белсенділік танытуға асығыңыз. Осы қасиетіңіз арқылы өміріңіз барынша жақсы арнаға бұрылуы мүмкін.

Егіздер

Осы аптада жақын жандарыңыз сізден қаржылай көмек сұрауы мүмкін. Апта ортасында қызметіңізде бас алмай, жұмысқа жегілуіңіз мүмкін, сабыр сақтап, соңына дейін шыдаңыз. Өзіңіздің іскерлік қабілетіңізді танытудың бір жолы – осы. Алайда апта білім жетілдіруге, алыс емес сапарға шығуға, сондай-ақ романтикалық кездесулерге қолайлы.

Шаян

Алдағы күндер ортаңызға өзіңізді жан-жақты көрсетуге қолайлы болмақ. Қоғамдық таңдау арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуіңіз әбден мүмкін. Бірден жалақысы жоғары қызметті көксемей, алдымен өз ісіңіздің білгір маманы болуды мақсат тұтқаныңыз абзал. Жақсы ниетпен бастаған әрбір ісіңіз сәтті аяқталатынына сеніңіз.

Арыстан

Арыстан белгісіндегілерге айтарымыз, ақылсыздыққа салынып, ит қызғанышқа бой алдырмағаныңыз дұрыс. Алдымен әрбір істің ақ-қарасын ажыратып, мәнін ажыратқаныңыз абзал. Отбасы мүшелеріне барынша көңіл бөлуіңіз олар үшін маңызды саналмақ. Бойыңыздағы тәкаппарлық қасиеттен арылып, барлық адамды тең санасаңыз, ортаңыз да сізге оң қабақ таныта бастайды.

Бикеш

Сізге айтарымыз, мол пайыздық үстемемен қайтаруға келісіп алған қарыз ақша жақсылық әкелмесі анық. Сондықтан қыруар қарыз ақша алуға жоламаңыз. Мол байлыққа қол жеткізуді аңсасаңыз, алдымен жиған дүниеңізден кедей-кепшікке, жағдайы нашар жандарға садақа беруді әдетке айналдырыңыз. Кез келген уақытта жақын достардың көңілін қалдырудан сақ болыңыз. Қиындыққа кездескен жағдайда туыстарыңыз ғана көмекке келеді.

Таразы

Осы аптаның алғашқы күнін сауапты іс жасаудан бастасаңыз, сіз үшін сәттілікпен басталғалы тұр. Бойыңызды лас әрекеттерден алыс ұстаңыз. Атақ пен абыройдың, мансаптың құлы болудан сақ болыңыз. Ешкімнің аманатына қиянат жасамаңыз және біреуге шаруасын тындырып беруге уәде де етпеңіз.

Сарышаян

Осы апта сізге жан тыныштығын сыйлайды. Өзіңіз қызыққан мекеннің табиғат аясында серуендеуді де ұмыт қалдырмаңыз. Өзіңіз туралы сыртыңыздан айтылған алып-қашпа әңгімелерге назар салмаңыз. Жақсы адамның сыртынан әңгіме көп ереді. Өзіңіз де біреуді сыртынан ғайбаттамаңыз. Көбірек көркем әдебиет оқуға ден қойыңыз.

Мерген

Сізге берер ақыл-кеңесіміз – өміріңізде сізге берілген жағымды-жағымсыз әрекеттердің бәрі сынақ болып табылатынын естен шығармаңыз. Сондықтан барға да, жоққа да мойымаңыз. Табиғатынан өзімшіл келетін кейбір торпақтар нені қаласа да, ол істі тез тындыруға тырысады. Апта барысында ойға алған бастамаларды жүзеге асырудың орайы келіп тұр.

Тауешкі

Апта басындағы күндеріңіз күту мен қынжылудан басталады. Сүйiктi адамыңызбен арадағы болмайтын майда-шүйде әңгiме үлкен дауға апарып соғуы мүмкiн. Қаржы жағына бекем болыңыз. Құлақ естiгенге емес, көз көргенге сенiңiз. Бiреулердiң айдап салғанын әрекетіне арандап қалмаңыз.

Суқұйғыш

Апта барысы ақылдылық пен ұстамдылықты, сабырлылықты талап етеді. Жақын күндерде көптен бергі істеп жүрген еңбегіңіздің нәтижесін көресіз. Жарыңызды көп мақтап, көп қамқорлық танытуға тырысыңыз. Достарыңыз бен жақындарыңыз сізге көбірек сенім артатындықтан, мықты болуыңыз керек.

Балықтар

Ешкімнің қолдауынсыз, ақылынсыз қиын жұмыстардың да шешімін өзіңіз табасыз. Сіздің тың ойларыңыз бен жобаларыңыз аз шығын арқылы жүзеге асуы ықтимал. Апта ортасында барынша жұмысқа берілгеніңіз жөн. Қандай кедергі шықса да қорықпаңыз.

http://www.qazaquni.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз