ВЕРНУТЬСЯ

«Қара гүл – менің мұңымды жаяр жаршы ма,Аршылар мұңың – қансыра, жүрек, қансыра.Көз орнында көз емес, кейде қарасам,Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»                                                (Жанат Айтмұханбетова) Қос ғашық, әне, жүзі – күн,Қырға бір көзің жіберші.Іздеп  жүр олар қызылын,Ал маған қара гүл – енші. Жығылды мәңгі жалау-жыр,Тым ерте көшкен көктемдей.Алатау бойы – алау-гүлҚап-қара болып кеткендей. Қап-қара гүлін тағынып,Ұмтылды көңіл арайға.Қап-қара шәлі жамылып,Налып тұр мынау маңай да. Жүректің жібі сетінеп,Бұлқынды неге құрғыр-ау?!Қарау ой толы көкірек,Қара гүл толы қыр мынау. Қайғысы – теңіз орасан,Өкінді жүрек, өкінді:Қап-қара гүлге қарасам,Қан исі шығар секілді. Жоқ енді мәңгі, жоқ ендіМен арман еткен жан бүгін.Тек қана тербер әлемдіҚара гүл тектес тағдырым.1990 жыл, 23 маусым. Алматы.