Орал қаласының және БҚО жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысында су ресурстарын игеру жобасы жүзеге асырылып жатыр

Жайықтың суын облыстың оңтүстік-батысындағы Қараөзенге жеткізу арқылы жыл сайын Саратов облысынан келетін су көлемін 30%-ға дейін төмендетуге, яғни көрші елге тәуелділікті азайтуға болады.

Бұған дейін жалпы ұзындығы 161 шақырымдық Киров-Шежін арнасы тазаланса, биыл жобаның үшінші кезеңінде жаңадан 20 шақырымдық канал қазу жұмыстары жүріп жатыр.

БҚО мен Волгоград облысы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ФОТО)

Сочи қаласындағы Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XII Форумы аясында өтіп жатқан «Агроөнеркәсіптік кешен саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың перспективасы» атты мамандандырылған көрме барысында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Волгоград облысының әкімшілігі арасында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.    

Мемлекетке 1 млрд. 145 млн. теңге залал келтірген жалған кәсіпкер сотталды - БҚО

Орал қалалық сотының үкімімен жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін «Жайық Компани» ЖШС басшысы Е.Гильдерманға үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тергеу барысында оның 2012-2014 жылдар аралығында Орал қаласы аумағында іс жүзінде жұмысты орындамаса да және қызметті көрсетпесе де, жалған құжаттарды толтыру жолымен жалған мәмілелер жасап, жеке кәсіпкерлік нысандары басшыларына өз қызметтерін ұсынғаны анықталды.

БҚО-да еңбек заңдылығын бұзудың 236 дерегі анықталды

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындар мен ұйымдарда 202 тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде еңбек заңдылығын бұзудың 236 дерегі анықталды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тексеріс қорытындысы бойынша кінәлі адамдарға 5,8 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Оралда газ тасымалдауға арналған цистерна жолдан шығып кетті

Бүгін жергілікті сағат 12.15-те Оралдағы «Алаугаз» ЖШС аумағында №55207062 составтың (барлығы 27 вагон) соңғы вагон-цистернасы жолдан шығып кеткен.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, сұйытылған газ тасымалдауға арналған, бірақ іші бос цистерна аударылмаған. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.

Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Страницы

Подписка на RSS - Орал қаласының және БҚО жаңалықтары