Арнайы тексерілген 24 жүргізушінің 8-і ішімдік ішкен, 1-еуі «шегіп алған» болып шықты

БҚО-да облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы дөңгелек үстел отырысында 18-19 шілдеде өткізілген «Қауіпсіз маршрут» рейдінің нәтижелері талқыланды.

БҚО ІІД әкім­шілік полиция­сы басқармасының мамандары, дәрігерлер, көлік жүргізушілер және жастар ұйым­дарының өкілдері қатысқан басқосуда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бас­шы­сының орынбасары Мәншүк Ай­мұрзиеваның мәлім еткеніндей, рейд барысында Орал - Атырау, Орал - Самара, Орал - Сырым, Орал - Озинки күрежолдарының бо­йы тексе­ріліп, 209 автокөлік тоқтаты­лыпты. Рейд кезінде қауіпсіздік белдігін тағу, балаларға арнал­ған авто­орындықтарды пайдалану, ішімдік ішіп немесе есірткі пайда­ланып рульге отырған жүргізуші­лерді анықтау жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін азаматтардың өзі­нің белсенділігін арттыру, әсіре­се, жастардың құқық бұзушылық­қа төзім­сіздігін қалыптастыруға ай­рық­ша назар аударылды.

Шара кезінде тоқтатылған 209 көліктің ішінен он жүргізуші­нің қа­уіпсіздік белдігін тақпағаны, оны­ның көлігінде балаға арнал­ған орындықтың жоқтығы, арнайы тексерілген 24 жүр­гі­зушінің сегізі ішімдік ішіп, біре­уі есірткі шегіп алғаны анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілік­ке тартылды. Сонымен қатар рұқсат етілмеген жол бөлігінен өткен 162 жаяу жүргіншімен тәрбиелік-құқықтық сипаттағы әңгіме өт­кі­зілді. Жалпы, мұндай жағдайлар халық көп жүретін Оралдағы Әбілқайыр хан және Жәңгір хан даңғылдарының бойында  жиі  орын  алып  отыр.

http://kazinform.kz/
Поделиться: 

Добавить комментарий

CAPTCHA
Подтвердите, что Вы не робот.