ВЕРНУТЬСЯ

АРҒЫМАҚ АТТА СЫН БОЛМАС

Арғымақ атта сын болмас, Қиған қамыс құлақсыз. Азаматта сын болмас, Арты болса тұяқсыз. Айдын көлде сын болмас, Жағасы болса құрақсыз. Асқар тауда сын болмас, Бауыры болса бұлақсыз. Ақ киікте сын болмас, Арты болса лақсыз. Жеті арнада сын болмас, Аяғы болса тұрақсыз.

Қар жауар күн-түн оның қабағынан

Қар жауар күн-түн оның қабағынан,Жалбырар байтабасы балағынан.Көк шұнақ лағы өлсе көгенінен,Сол күні ас өтпейді тамағынанТоқты өлсе қыңыр төбел көгеніненОйлайды азаяр деп жегеніненОл жігіт отын алар, ошақ қазар,Шықпайды қатынының дегенінен.Ол жігіт отын алар, ошақ қазарОтырып от басында болар мазарСөйлесіп азаматпен ақыл қоспасСөйлесіп қатынымен дертін жазар.

Орғи-орғи жүгірген

Тілеумағанбет өлгенде әкесі Бектұрлыға тұспалдап айтқанына түсіне қоймағасын, Абыл осылай айтуға мәжбүр болыпты:Орғи-орғи жүгіргенОр қояннан жүйрік жоқ.Сәті түсіп кездессе,Ұстайын десең, құйрық доқ.Өлшеулі күні біткен соң,Ажал келді, тиді оқ.Пешенттеп жазған ақ қағазЕнді оқуға бұйрық жоқ.

Тілеумағанбетпен қоштасуы

Тілеумағанбет Абыл ақынмен әрі ағайын, әрі қадірлес адам екен. Тілеумағанбет өліп, соған там тұрғызып жатырған кезде Абыл келеді. Ескерткіш біткесін, дұға оқып, қимас ағайынымен қайғыра қоштасыпты:Жарылар – сегіз арыс ауылың қалды,Құдайберген, Майлан, Шотан бауырың қалды.Шығарған  төрт Назарды шаңырағың,Тастемір қалың қара сауырың қалды.

Тойбастар

Әліпте жиырма тоғыз бірі – мим,Білгенге өлең деген емес қиын.Алқада қызыл тілді сайратайын,Әлеумет, күнде болмас мұндай жиын. Жарқыным, айттым өлең жиыныңда-ай,Өлеңім тал құрықтың қиынындай.Жел сөзді Тәңір берген не қылайын,Өзгедей отыра алман тыйылып-ай. Әркімнен пелде-пелде өтер заман,Жүргенде жан ұяда есен-аман,Тойыңды біз басталық, риза бол,Іркіліп, айта алмайды кейбір жаман. Өлеңім айтсам тәтті шекер балдай,Дем берсе, тіл мүдірмес, Жаббар Алла-ай.Қарасам бедеріңе, әдемі екен,Ен нудан кесіп алған құба талдай. Қай жалған мына жалған, дүние жалған,Дүниеден мынау пәни кімдер қалған?!Сәтіне

Страницы