ВЕРНУТЬСЯ

Қоңыр

          (Жұмекенге)

          Күй  шерткен оңашада домбырадан,

Күн кешкен жыр жолына болып алаң.

Даланың қоңыр күйін сүйіп өткен

О, менің дала мінез қоңыр ағам.

Жандырдың алуан ойдың отын іште,

Жыр жолын айналдырдың бекініске.

Танылдың озық ойлы саналыға,

Санасыз танымаса өкініш пе?

Сөйлесең жыр жолы боп күбірледің,

Бәйгеде сәйгүліктей дүбірлі едің.

Амал не қарапайым мінезіңмен

Ішінде көп жүйріктің білінбедің.

Ешқашан оқшауланып көрінбеп ең,

Тұрдың бір өзгермеген көңілменен.

Туған жер

      Сен жайлы ақ
бесікте күй тыңдадым,

Тыңдадым
сандуғаштың сүйкімді әнін

Мен сенде сұлулыққа
ғашық болып,

Гүліңе саусақ
жайып ұмтылғанмын.

Мен де бір гүлің
едім қырқада өскен,

Өзің деп арманым
жоқ шырқап өтсем.

Көркіңе
көктемдерде сән қосатын

Қырыңа өз
қолымнан бір тал ексем.

О, менің ардақты
әкем, асыл анам,

Қызыңмын пәк
үмітпен асыраған.

Өзің деп
қобалжыған жүрегімнің

Дүрсілін сенен
қалай жасыра алам?!

Бала

         Түн ұйқымды төрт бөлдің - ауырғанда,

Жүрегімді қақ бөлдің - сағынғанда.

Той-дүрмекке барсам да үйге асығам,

Өздеріңді ұмытқан шағым бар ма?

Күлкің болып алдымда тұрды ақ таңым.

Ұмытыппын сын айтар жыл жатқанын.

Таланттылар жүргенде өлең оқып

Мен сендерді әлдилеп құндақтадым.

Маған ән боп естілген құндақтағы үн,

Жырлар кезде тағы да жырлатпадың.

Әке тартқан күйін де домбыраның

Тиегіне жармасып тыңдатпадың.

Ойыншық боп, қағазым, қаламым да,

Жыр жолдары мөлдіреп жанарымда.

Егер біздің қазақтың:

           Егер біздің қазақтың:

Көп оқыған бабасы ғалым болса,

Жаңа туған баласы дарын болса,

Қыздарының барлығы ару болса,

Көргенсізге бұл қазақ зәру болса.

Өз ұлының өскенін күндемесе,

Тұрмысы шат көршісін тілдемесе,

Ру санап жан-жаққа бөлінбесе,

Тегіс қазақ Даласын Елім десе,

Атқа мінген ардақтап азаматын

Кірлетпесе еш жерде қазақ атын,

Шет елдіктің өзгеріп көзқарасы

Өз байлығын билесе өз баласы,

Құлақ асып жарлының шағымына

Мастанбаса қалтаның қалыңына,

Жас сәбилерге жаңа аттар болып

         Жас сәбилерге жаңа аттар болып,

Жаңалықтар мен таланттар болып,

Оралмас апта, сағаттар болып,

Зулайды уақыт.

Тарқамас той мен думаның болып,

Жүйрік машинаның зулауы болып,

Қошеметшінің қол бұлғауы болып,

Тұрмайды бақыт.

Страницы