ВЕРНУТЬСЯ

Мұз сөгілді әуен төгіп әдемі,

 
  Мұз сөгілді әуен төгіп
әдемі,
Аспан боп-боз, түк үмітсіз қарады.
Сен үшін не, не жазығым бар еді?
Біле алмадым-қандай кінә тағады.
Қиналасың- мені өлтір. Көрмегін.
Қажеті не маған қатал қылықтың.
Жердің аз-маз қуанышын бермедің,
Өлеңім жат, оны тіпті ұмыттың.
Келісемін, келіспеуге бола ма?
Өз парызым-соған ғана адалмын.
Өмірімді саған бердім, молаға
Қасіретімді алып кете салармын.   

Ең соңғы рет көрдім сені, ал тыңда:

 
   Ең соңғы рет көрдім сені, ал тыңда: 
Тек екеуміз жолығатын жағалау.
Өзен ақты өрекпіген қалпында,
Су тасыр деп тұнып тұрған қала - дау.
...Жаз туралы айтып сонда жаз шыға,
Ақын -әйел дегенді түк ұға алмай.
Есімде әлі- патша үйі қарсыда,
Петропавл қорған тұрды шығандай.
Ауа да ортақ еместей-ді біздерге,
Тұрды аспанда нұрдың жүзі-белгісі.
Сол сағатта маған келді іздеуге
Барлық ессіз... әуендердің соңғысы.

Екеумізге ортақ, жалғыз бақыт бар.

 
   Екеумізге ортақ, жалғыз бақыт бар. 
Қоштасамын. Шығыста күбірлеп Күн.
«Ұмытпаймын!» дегенмін. Уақыт па?
Сендік сенім. Мен оған жүгінбеппін.
Ауада бар қанша тірлік белгісі?
Дәл бүгінгі бейнем бе ертең? Кім үшін?
Мына бетті қашан көрдім? Сенбісің?
Нені ойлаумен бүктім сонда бұрышын?
Қас қылғандай алған сайын кітапты
Бүккен беті ашылады әлгі іздің.
Қоштасулар мені ылғи жұтатты,
Өтпегендей сонан бері жалғыз жыл.

О, мені ойлап ешқашан күрсінбе!

 
  А.Ахматовадан 
 
  О, мені ойлап ешқашан күрсінбе! 
Қылмыс деп қайғыру ұғамын.
Күлгін түс шүберек - Күн сіңген,
Оған да түсініксіз шығамын.          
Қанаты қайырылған құстаймын,
Көзінде белгісіз жымиыс.
Әйтпесе құс болып ұшпаймын,
Бақытты болу да қиын іс.
...Осы еді оның да арманы,
Моладан шыққандай бір үн жүр.
Еріндер от сезіп, жанды әні,
Екі бет сұп-суық. Бұлыңғыр.

Қазықұртқа басыңды сүйедің неге?

 
  1. 
 
  ...Жерге сенің табаныңды тигізбей, 
Жаман, жыртық кигізбей,
Ақша жүзің құм дауылға сүйгізбей,
Бар бейнетін өзі көрген ғұмырдың,
Жатыр Ана, түк үнсіз.
Өмір жаздай шыбынсыз.
Ал секундтар тынымсыз,
Ар алдында жауаптысыз бүгін Сіз.
...Атар атпас ала таң
Қамы үшін жүгіретін балапан.
Саған талай тәтті жасап берген-ді,
Ал бүгін... қимылсыз сол алақан.
Бәрін, бәрін көрді уайым, наланың.

Страницы