ВЕРНУТЬСЯ

Апасының баласы

          Ұзақ
жылдар бойы араласып, біте қайнасып, туыстай болып кеткен құрбысы Айымкүлдің
ауылдағы тетелес сіңлісінің атына Сәлима сырттай қанық-тын. Әуелі оның ерекше
есімі елең еткізген - Арайлы екен. Айымкүлдің әңгімелерін тыңдай жүріп,
Арайлының аты аталғанда көз алдына жан дүниесі тап-таза, жүрегі шуаққа толы
көрікті қызды елестететін болды. Таяуда құрбысының ұлы үйленгенде сыртынан
атына қанық болған сол  Арайлы сонау
Қызылордадан келіп, көп қолғабыс жасады.

Жигули - таудың аты...

          Бір купеде төрт жолаушы. Екеуі өндірдей жас
бойжеткен, екеуі орта жастардағы әйел. Алматы мен Астана арасына қатынайтын
жүрдек поезд орнынан баяу жылжи бастағанда, бағанадан бері терезеден тысқа
телміріп қарап отырған Алма өксіп-өксіп жылап жіберді.  Терезенің арғы жағында тұрған жігіт жүрісі жылдамдай
бастаған поезға шарасыздықпен қарап, 
селтиіп тұра берді. Бұл көрініске куә болған купедегі қалған үш жолаушы әрқайсысы
өздерінің кездесу мен қоштасу сәттерін естеріне алды ма, поезд жүрісі үдеп, көп

Түс

        ...Тәтті
ұйқыда жатыр еді, біреу түрткендей болып, оянып кетті... Таңның әлі ата
қоймағанын сезініп, «көзімді ашсам, ұйқым ашылып кетер» деген оймен көрпесін
қымтана түсіп, әрі қарай ұйықтай бермекші еді, 
құлағының түбінен әлдекімнің терең тыныстап дем алғанын естіп, ұйқысы
шайдай ашылды. Астапыралла! Бұл кім? Кімнің тыныстағаны соншама ап-айқын
естіліп тұрған? Неше жылдан бері жалғыз өзі ұйықтайтын жатын бөлмеде  бөтен біреу қайдан пайда болған? ...Алакөлеңке

Арманым, арманым, арманым-ай...

        «Қарындас,
жұмақтан түстіңіз бе? Хор қызы қандай болады десем, ол біздің университетте
оқиды екен ғой!» 

Университет
жанындағы ұзынша орындықта емтиханға дайындалып отырған Құралай таныс дауыстан
селк ете қалды. Сол! Соның даусы ғой мынау! Осыдан бір жыл бұрын ойда
жоқта  кез болып, өзіне «махаббат» деген
сұлу сезімнің бар екенін білдірген, сөйтіп, іле ізім-қайым жоқ болып кеткен
жігіттің мұның құлағынан кетпей қойған қоңыр үні! Құралай сенер-сенбесін
білмей, «Қанат, Қанат...» деп күбірлеп, дауыс шыққан жаққа жалт қарады.

Страницы