ВЕРНУТЬСЯ

Құз

      Қабағын түйіп құз
тас тұр

Төңірегіне парық caп.

Шыңында шулап құстар
жүр

Айнала ұшып
шарықтап.

Кеудесі жалын қара бұлт

Келеді төніп аспаннан.

Алып қүз тас сұп-сұрғылт,

Жамылып шапан - боз тұман.

Шық моншақтап - шапшып тер,

Сорғалайд жасы жүзінде...

Сол құзды
көр де - мені көр

Ойға бір шомған кезімде.

1944.

Алатау

       Алатау бұлт асырмай асқарынан,

Тұр қарап туған дала аспанынан.

Асылып Алатауға ай менен күн,

Жарқылдап шұғыла
шашқан тастарынан.

Алға алып кең даласы - дастарханын,

Алатау - ашқандай
той ақсақалым.

Жаңғыртып жер сарайын ән шырқаймыз,

Ту етіп туған халық жақсы атағын.

Құшақтап
Қазақстан астанасын,

Алысқа, Алатауым, көз саласың.

Алатау - айдын дала қариясы

Көтерген төбесіне өз баласын.

1948.

Балқаш

       Көргенімде сені алғаш,

Көл едің бір жап-жалаңаш.

Келдім тағы, койныңды аш,

Ұлы
Балқаш, нұрлы Балқаш.

Өзгеріпсің таңғажайып,

Құшағынды
еркін жайып.

Сәулетті үй, сәнді сарай,

Көз тойғысыз қарай-қарай.

Сені мұнша
кім өзгерткен,

Елін қалай тез ер жеткен?!

Ұлы
Балкаш, ойлы Балқаш,

Туған жерге нұрыңды
шаш.

1948.

Қоштасу

     Қош бол, досым, жақыным!

Уақыт тығыз, сөз қысқа.

Кетіп бара жатырмын

Сұрапыл
бір соғысқа.

Тепкісінде соғыстың

Дүние мендеп жатқанда,

Ажал бейне фашист сұм

Қасқыр болып шапқанда! -

Қоян емен, адаммын,

Қайтіп бұғып
жатармын!

«Жаны тәтті жаманның» -

Сыналар күні мақалдың.

Сыналар күні жігіттің,

Қош бол, досым, сөз қысқа!

Зіл боп ойым, мен кеттім

Сұрапыл
бір соғысқа!

1941.

 

Страницы