ВЕРНУТЬСЯ

Теңіз кеші

 Ғашығын күні бойы көктен іздеп,Шаршаған Күн құлады көк теңізге!..Табиғат осынау бір сұлу сәтінТұрғандай оң көзімен өткеруге. Сұлулық дүниесінде қағып қанат,Әлемге алуан бояу жатты тарап.Табиғат қолындағы жер-кеседеШайқалған тентек теңіз – қызыл шарап!.. Ендігі Ай – патшадан етті ме үміт,Бір Жұлдыз тұра қалды көкке ілініп.Көк теңіз Күн – сұлумен құшақтасып,Асығыс түн – көрпеге кетті кіріп!.. Қайтеді, қызғанса да – тұрар шыдап,Бір шетте бұлт та қалды жыламсырап.Қызара теңіз беті толқындайды,Бұл – оның ұялғаны шығар, сірә!..                                                         1969 ж.

Перронда

 Вокзал.Перрон.Құжынаған көп халық –Теңіз дерсің.Соған құяр – мен бұлақ.Достар болып күтіп тұрмыз топталып,Көрінбедің,Келмей қалдың сен бірақ!.. Шіркін көңіл!..Уақыттан біз озбадық.Соңғы қалған секундтарды санаймын!..Бітті бәрі!..Кетті поезд қозғалып...Терезеден жалтақ-жалтақ қараймын... Құшағына алды, міне, жыр-ару...Шіркін перрон!Қыз-жігітке екен сын.Көз ұшында қол бұлғайды бір ару –Енді келген сен емес пе екенсің?!.                                       1969 ж.

Күн мынау...

 Достарменен биікте бір ән салып,Жүрші бірге, тауға шығып қайталық.Құшақ жая күлім қаққан күн мынау,Үйде жалғыз қалғаның не, құрбым-ау!?. Бұлттарменен жатқасын ғой қосылып,Алатауды биік дейді осы жұрт.Сол биікте төбемізден сүйіп күн,Көңіліміз биіктесін сүйіктім!.. Балалықты тағы да бір келтіріп,Қайтайық біз гүлге етекті толтырып.Құшақ жая күлім қаққан күн мынау!..Үйде жалғыз қалғаның не, құрбым-ау!?.                                                1969 ж.

Сені ойласам

 Демеймін мен мынау күндер өтпеді –Өзің бөлек араны ашып кеткелі.Ақырындап жабылып-ақ жатадыӨмір – ағын күндерімнің беттері... Мінезім бар баяғыдай аңқылдақ,Күлсем солай бұрынғыша жарқылдап!..Көкіректен ұшып кетіп жатасыңБір-екі ауыз өлең болып там-тұмдап... Көңілім сол кеңдігіндей даланың,Өзің жайлы сырғиды әлі қаламым...Сен кеткелі өзгермедім десем де,Сені ойламасам – бір өзгеріп қаламын!..                                                 1970 ж.

Бір жарық...

 Көзіңде бақыт – нұр барын –Ақының болып жырладым.Арманға толы сөзіңді –Шәкіртің болып тыңдадым.Бұл – мендегі бір сыр, жаным!.. Тумаған әлі жыр үшін,Жармаған бүршік гүл үшін!..Бір жарық алдан шақырарҚол бұлғап маған күні-түн.Бұл – менің жаным, үмтім!.. Күй  болсаң -  сені тартайын,Жыр болсаң – сені айтайын.Ұйқыңнан тәтті оятып,Мазаңды алам таң сайын...Бұл – менің даусым, айқайым!..                                         1970 ж.

Страницы