ВЕРНУТЬСЯ

Маса

         Кей жерлерде
маса көп,

Әдеттен тыс аса
көп.

Мазалайды ызыңдап,

"Бір
қарсылық жаса" деп.

Қаптап ұшып
келеді,

Қараңғыға
сенеді.

Қақтығысың ғана
емес

Қаның оған керегі.

Жақсылық алда

         Сары уайымға
салынып,

Төндірме ақыр заманды.

Жақсылық алда
барын ұқ,

Негізі жаңа
қаланды.

Қиындық,
ауыртпалықтың

Екені айқын не
үшін:

Бағы үшін еркін
халықтың

Теретін өзі
жемісін.

Ентелеу оңай
еңіске,

Бөгет көп шыңға
өрлеуге.

Жеткенше нағыз
жеңіске

Тиіспіз тыным
көрмеуге.

Қамықпас қазір мұны
ұққан,

Келмеске кетсін
пәлекет.

Арылып құлдық құлықтан

Өзіңше жаса әрекет.

Шетте жүрген бауырластарға

Шетелге кетсеңдер
де бауыр басып,

Құтты орын
тепсендер де ауырласып,

Атажұрт шақырады
тұқымым деп,

Құшағын байтақ дала,
тауың да ашып.

Бөленіп онда бәрің
байлық, баққа,

Тіпті ие
болсаңдар да атақ, даңққа,

Бірге ұрпақ
барсын жарқын болашаққа,

Бұрыңдар көшті
атамекен жаққа.

Қазағың жетті
ежелгі арманына,

Жағдайдың қарамаңдар
бар, жоғына,

Ілінбеу үшін
елдік бірлік керек

Ешқашан енді
ешкімнің қармағына.

Өз туым

        Бұлтсыз ашық
аспанымдай көк туым,

Ту төрінен елге
нұрын төкті күн.

Ту төбемде
қалықтады қырандай,

Қуанбаған бір де
қазақ жоқ бүгін.

Көз тартады
тудан ұлттық өрнегім,

Өнерім ғой, өлеңім
ғой ол менің.

Осы емес пе
ашылғаны бағымның,

Өшкен жанып,
тірілгені өлгенім.

Қандай бақыт өз
туымды көргенім,

Кермей кетті
қанша сабаз ерлерім.

Шат боп тұрып
соларды ойлап қамықтым,

Осы жолда төккен
қан мен терлерін.

Табан

         Монғол, жоңғар
арт-артынан қаптаған

Кезде елімді
қалмады жау шаппаған.

Ойран болып
Отырарым, Саураным,

Сонда болдым шұбырынды
ақ табан.

Енді ес жия
бастағанда адам боп,

Ерлерімнің
маңдайынан қадалды оқ.

Тәркіленіп,
кедейленіп тапталып,

Қырылды аштан
халқым қызыл табан боп.

Жер бетінен
десе-дағы қараңды үз,

Дербестікке
жеттік әйтеу аман біз.

Жері, елі,
еркіндігі, заңы бар,

Жарлы, жаяу
кілең қара табанбыз.

Страницы