ВЕРНУТЬСЯ

Таңғы шық

    Селолық дүкеннің
сатушысы Тұраш қамаудан үш ай дегенде босады. Қоңыр сырмен боялған зілдей ауыр
ағаш қақпа қарсы алдынан ешбір сықырсыз жәймен сырғи ашылды. Тұраш
сыртқа шықты.Осыдан үш ай бұрын
қамауға айдап әкелгенде қыстың күні еді. Көше омбы қар болатын. Үскірік жел суыра соғып тұрған. Арықтағы су көкпеңбек боп безеріп қатып жатқан еді. Содан бері: салқар аспан жүзіне
сақинадай ғана торкөз терезеден
қарап, кең дүниені қоршауы биік, тар аулаға күніне бірауық шығарғанда
ғана сезетін. Сонан бері жабырқап, әбден титығып

Ұлтуған

    Жанашыр ағайыны шамалы
еді. Әкесінің үшін өткізгеннен кейін-ақ ел аяғы суып, жұрт үйді-үйіне тарай
бастады.Кетерлерінде бәрі де Ұлтуғанның алдына кеп, аз-кем тізе бүгіп отырып,
көңілін жұбатып, ақылдарын айтты.
- Бекем бол, Ұлтуған
шырағым. Екі дүниеде ата-анаң саған риза шығар. Ұлдан артық күтпесең, кем
күткен жоқсың, - десті.
        Сөйтіп, әкесі өлген соң үш күннен кейін
кешкісін Ұлтуған үйде жалғыз қалған. Неше күнгі азан-қазан жылап- сықтаудан

Райгүл

     Әбу Сәрсенбаевқа
 
   Жазғы емтихан аяқталып қалған
кез еді, ауылдан хат алдым. Әкем жазыпты. Қысқаша ғана
амандықтарын білдіре келіп, хаттың
ақырында былай депті: "Қарағым, қайтарында сенің алдыңнан көлік алып шықпаймын. Станциядан екі-үш шақырым
жердегі "Қызыл ту" колхозында менің Жарылғап деген ескікөз досым бар. Соның үйіне барып түс.
Өте жақсы адамдар. Егер хабар берсең, алдыңнан шығып өздері де күтіп алар. Ескертерім -

Қыран құс көк жүзін шарлап кетті

    (Үрміз қарттың әңгімесі)
 
   Іргежал деген биік жалдың түбінде
үшінші ферманың штабы орналасқан.
Көктемге қарай бұл ара ғажап
сұлулыққа бөленген жер екен. Төңіректегі құм шоқалдарға сыңси өскен сексеуілдер тегіс бүр жарып, қайда қарасаң
да көкпеңбек боп көз тұндырады. Тіпті құм арасында тұрғаныңа сенгің де келмейді, орманды алқапқа тап болған күйге енесің. Күн сәскеге көтеріліп қалған. Түнгі шық әлі дегди қоймаған.
Құм арасындағы ауаның да

Әрі-бері жол

    Бәріне кінәлі апасы. Көкбайдың қалаға баратынын
ести салысымен, Бөкенді соның машинасына отырғызып жіберем деп қолды-аяққа тұрғызды ма: дайын
машинамен барасың да керек
қағаз-кітаптарыңды сатып ала caп,
бүгін кешке дейін сол машинамен үйге
қайтып келесің деп қояр да қоймады
ғой.Бұлардың ауылынан қалаға
автобус күн ара қатынайтын.Бөкеннің ойы: ертеңгі автобуспен барып, қалаға бір күн қонып, кітап дүкендерін асықпай жүріп аралап,

Страницы