ВЕРНУТЬСЯ

Жұмыққа

 
  Атың емес, Жұмық - ай, ойың жұмық, 
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім - ау көзді жұмып.
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң,
Отырарсың жотада жалғыз ұлып.
Өмірді  келген, кеткен
аңдамайсың,
Адамның болашағын болжамайсың.
Асыл сөздің білмейсін қасиетін,
Жаман ойға келгенде талғамайсың.
Қиял мінез, тымырық, от пен жалын,
Қайтейін, осыныңа арланбайсың.

Жақсы мен жаман адам қасиеттері

 
  Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, 
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.

Үмбетәліге

 
  Екей деген ел едім, 
Сүйінбай деген мен едім.
«Орман өлді» - деген соң,
Көңіл айта кеп едім.
Көңіл айта келгенде,
Мұның қалай, хан Үмбет,
«Атаңның аузы» дегенің?!
Үмбетәліге, Шапғыным,
Орманның ұлы сен едің.
Үмбетәліге хан болды,
Дегенді естіп алыстан,
Әдейі естіп кеп едім.
Көңіліңді демденіп,
Хан ордасын басыпсын.
Атаңды сенің өлтірген,
Бұғы елін шауып, жаншыпсың.

Батырбек датқа айтқандары

 
   Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек, 
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Төрт Дулаттан тараған Сыпатайдың,
Келді ме деп ойлап ем қайғысын жеп.
Бойың биік болғанмен, ойың қысқа,
Дәу Батырбек дейді екен сені босқа.
Жақынын жаттай көріп айып сұрап,
Қысқалығың көрінді осы тұста.
Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,
Ақылы дариядай көл кісі еді,

Сұраншыға

 
   Батыр - ай, кедейшілік жаман екен, 
Бұл дүние азулының заманы екен.
Қолдаушың арт жағыңда көп болмаса,
Жауапсыз кедей жазған қалады екен.
Күжірейіп мына отырған Көпірбайың,
Бермеді Сүйінбайға тайдың майын.
Тай тұрсын, Сүйінбайға сен кімсің деп,
Жауапсыз бос қайтарды айтпай жайын.
Бар дейді мырза төре Тезек деген,
Жыланып  Итенбайың
безектеген.
Үш жүз жылқы ішінен тай тимеді,
Итенбай аттың майын беред деген.

Страницы