ВЕРНУТЬСЯ

Ассалаумағалейкүм, жайсандар мен қасқалар

Ассалаумағалейкүм, жайсандар мен қасқалар,

Адам көңлін жоқтық шіркін баспалар.

Түзде жүрсем - батырмын,

Үйге келсем - пақырмын.

Таңертеңгі ішкен шалап

Қарында емес, қуықта,

Ажал шіркін алыста емес, жуықта.

Түссендер - міне қара лашық,

Кебеже қарын, кең құрсақ

Кебеже қарын, кең құрсақ,

Артық туған Абылай,

Көтере көр бұл істі.

Көп қытайдың жылқысы

Тұрымтайдай құнысты.

Жау жағадан алғанда,

Ит етектен алғанда,

Ер Абылай қорыққан жоқ,

Әншейін еңкейе бере жылысты.

Кеше тоқыраулы судың бойынан

Кеше тоқыраулы судың бойынан,

Тоқал терек түбінен,

Ніл дарияның басынан,

Құмкент шәрінің қасынан,

Перінің қызы перизаттан туған,

Қара мерген атасы,

Сөзімнің жоқ қатасы,

Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау,

Қамыстың басы майда, түбі сайда

Қамыстың басы майда, түбі сайда, 

Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,

Деріпсәлі, Мандайды айт қыпшақтағы!

Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын

Үмбетей Жырау

Әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіреші, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да  жетік дәулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі - өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болады. Ақындық қабілеті ерте байқалған ол ауылдастарының, кейде, тіпті, ағайын-туғандарының теріс істерін әшкерелеген өткір тілді өлеңдердің авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады.

Страницы