ВЕРНУТЬСЯ

(1831-1895)Ақмолла (шын аты Муфтахетдин) - қазақ, башқұрт, татар әдебиеттеріндегі ірі тұлғалардың бірі, ағартушы. Ақын 14 желтоқсанда бұрынғы Уфа губерниясы, Белебай уезі,Тоқсанбай ауылында дүниеге келген. Әкесі қазақ,шешесі башқұрт. Өгей әкесі Камалетдиннің қолында тәрбиеленген. Орынбор, Троицк маңындағы татар мектеп-медреселерінде оқыған. Кейін қазақ ауылдарында молда болып,бала оқытқан. Қашқын солдат деген жала жабылып, 1863-1871 жылдары Троицкіде түрмеде отырады, тұтқындар қатарында жұмыс істейді. Көп өлеңдерін қазақ халқына арнағанын айтып: «Қазаққа өлең жаздым ашық қылып...» дейді. Ақынның «Жоқтау» (1892), «Ақмолла» (1904),  «Ақмолла өлеңдері» (1935)   атты кітаптары шықты. Өлеңдерінің көпшілігі замана ағымы жайында, қазақтың тұрмысы, хал-жайы, оқу-өнер, ел арасындағы рулық-ақсақалдық, бектік-феодалдық қоғам туралы. Ол халықты «оянуға» , ілгері ұмтылуға үндейді. Табиғат, жыл мезгілдері көріністерін береді. Солардан философиялық қорытындылар жасайды.Шығармаларының дені қазақтың он бір буынды өлең үлгісімен жазылған.

Ақмолла