ВЕРНУТЬСЯ

1675 жылы Оңтүстік Қазақстан өңірінде,Қаратау бойында дүниеге келеді. Әкесі Сары ауқатты кісі болған. Болашақ жырау жамағайынтуысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақындық талантын тым ерте, 10-11 жасындатанытқан ол 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарынақатынасады. Өзінің жанкешті ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылады. Талай ретөлім аузынан қалады. Бірде, тіпті, жортуылда жау қолына түсіп, өлім жазасы орындаларқарсаңда ғана қашып құтылады. 1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкілоңтүстік және шығыс аймақтан айрылған шақта, Ақтанберді атақты батыр, Орта жүздіңрубасы ақсақалдарының бірі еді. Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды жырыменде жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел ортасында болады, қазақ жасағыныңалдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті біржола талқандалып, жаудан босағаншығыс бетке қайта қоныстану кезінде қазақ руларын атамекенге біржола орнықтыру ісіндезор қызмет атқарады. Тоқсан үш жасында қайтыс болады. Жыраудың қайта тұрғызылғанкүмбезі қазір Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген төбеніңбасында тұр.   

Ақтанберді