ВЕРНУТЬСЯ

1924 жылы 22қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөңдеген жерде туған.1942-1945 жж. ҰлыОтан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтынбітірген, 1962-1964 жж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды.Қазір халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті.Әдебиетке 1947жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы - Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған"Курляндия" романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушығаЖамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. "Курляндия" романынкейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы "Күткен күн" деген атпен қайтажариялады. "Қан мен тер" трилогиясы (1-кітап - "Ымырт",1961; 2-кітап - "Сергелдең", 1964; 3-кітап - "Күйреу",1970) және "Сең" (1983), "Соңғы парыз" (1999) романдарыдүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған."Қан ментер" романы бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялыққазақ драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранғашығарылды. Таңдамалы әдеби-сын мақалалары "Толғау" (кейіннен"Жүрегі толы жыр еді") деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жекекітап боп шықты (1972). 1985 жылы "Ақбидай туралы аңыз" атты очерктержинағы жарық көрді.А.П.Чеховтың,А.М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақтіліне аударған.КСРО Мемлекеттіксыйлығының лауреаты (1974). 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың"За честь и достоинство", 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағысыйлықтардың лауреаты атанды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі"ордендерімен және медальдармен, РСФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының ҚұрметГрамотасымен марапатталған. 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы

Әбдіжәміл