ВЕРНУТЬСЯ

" Бұқар жырау жөнінде сақталған шағын мәліметтерге қарағанда  ол 1693 жылы қазіргі Баянауыл ауданында (Павлодар облысы) туып, 1787 жылы 94 жасында өз елінде қайтыс болған, моласы Далба тауында. Жыраудың руы - Арғын, Арғын ішінде Қаржас, оның ішінде - Алтынторы. Кезінде Бұқар арғын руының қабырғалы билерінің бірі болған; өмірінің біраз шағын хан сарайының, яғни, Абылайдың маңында өткізіп, ел басқару ісіне белсене қатысқан. Ол Абылайдың ақылшысы, кей тұста қателігін түзеп отырар данасы, ел мен ханды қосқан дәнекер іспетті болады. Сондықтан қарт жырау өмір құбылысы мен дүние заңдылықтарын, әлеуметтік жағдай мен адам тіршілігін патриархалдық  қоғамның тұрғысынан түсініп жырлайды. Демек, ол негізінде ескілікті көксеп, кертартпа көзқарастың шеңберінен шыға алмаған. Әйтседе, Бұқар жырау мұраларының ішінде өз заманын, сол кездегі кейбір тарихи шындықтарды бейнелейтін толғау - жырлар мен шешендік-нақыл сөздері аз емес.{mospagebreak}  Бұқар - жырау болғандықтан көбінесе толғау түрін пайдаланады, оның шығармаларында философиялық ойларын түйетін шешен өрнектер, айшықты сөздер, өткір афоризмдер жиі ұшырасады. Өлеңдерінің баршасы дерлік еркін ұйқаспен жеті - сегіз буынды жыр түрінде орындалған.  Бұқар мұсылманша оқыған сауатты болған. Бізге жеткен жырлары 1200 шамасында жол. Жырау өлеңдерінің бүгінге дейін жетуі - Мәшһүр -  Жүсіп Көпеев жазып қалдырған мұра. Абай өлеңдерін  Мәшһүр -  Жүсіп көшірмелері арқылы білеміз. Бұқар жазбаларының бізге жетпегені де көп болуы керек. Бұған : «Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аплатонның ақылы керек», ─ деген Мәшһүр сөзі дәлел. 1781 жылы Далба тауында өмірден өтеді.  Бұқар өлеңдерін өмір, бірлік, ерлік, және Абылай туралы деп бөлуге болады.  Әйел жайында, жар туралы жырау өз толғамын айтады.  Бірлік жайында толғап, бөлінбеу керек екенін де баса айтып, қазақ тұтастығын керексінеді.  Ерлікті, өрлікті насихаттайды, кімнен сақтануды ескертеді.  Жырау кейде Абылайды асыра көтеріп, кей шақта қатал сыйынады. Дала демократиясының нағыз, хас үлгісін көрсетеді. "

Бұқар