ВЕРНУТЬСЯ

      -      Ақбұлақ, айтшы, таранып

Асығып
қайда барасың?

-      Су алып бізге кел деген,

Ауылға
кетіп барамын.

-      Қабақты түйіп, қара бұлт,

Тасынып
қайда барасың?

-      Қуарып түзге шөлдеген,

Жаууға
кетіп барамын.

-      Күміс күн, айтшы, қызарып,

Құлдырап
қайда барасың?

-      Жабығып күткен тауыма

Батуға,
кетіп барамын.

-      Қара жол, айтшы, ұзарып

Бұлдырап
қайда барасың?

-      Сағынып күткен аулыма,

Жатуға
кетіп барамын!

-      Уақыт, айтшы, асығып,

Сабылып
қайда барасың?

-      Жұбаныш іздеп өмірден,

Қала
алмай кетіп барамын!

-      Ару қыз, айтшы ашынып,

Жабығып
қайда барасың?

-      Қуаныш іздеп көңілден,

Таба
алмай кетіп барамын!

-      Өзіңе сауал - жігітім,

Барасың
қайда салдырып?

-      Жеткізбей дауа - үмітім,

Келемін
көзді талдырып...

Адамның
заңы - сөз бен іс,

Қоғамның
заңы - толғаныс.

Өмірдің
заңы - өзгеріс,

Табиғат заңы - қозғалыс!