ВЕРНУТЬСЯ

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Мойылдыбұлақтатуған. Семей ауылшаруашылығы техникумын, Алматыдағы Коммунистік Журналистеринститутын (1937), Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948)тамамдаған. 1927-1934 жж. халық ағарту, баспасөз қызметтерінде болды. Баянауылаудандық "Ленин туы" газеті редакторының орынбасары, республикалық"Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, Бас редактордыңорынбасары, 1937-1939 жж. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1961-1962 жж.Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы. 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отансоғысына қатысқан.Тұңғыш өлеңі - "Қызыл әскерге" 1925 жылы Семейдегі "Қазақтілі" газетінде жарияланды. Алғашқы шығармалары жинағының кейбірі мыналар:"Шалқыма" (поэма), "Бармақ" (поэма, 1937), "Қуат"(поэма, 1938), "Сүйемін" (өлеңдер, 1939), "Мұңсыз Мәрия"(поэма, 1940). Жауынгер ақынның "Москва түбінде" (1942), "Майданбек"(Өлең-роман, 1943), "Бибінұр" (1949), "Жұлдызды жігіт","Дала солдаты" (1945) поэмалары от ішінде, оқ астында туған."Жүректен" (1945), "Тұлға" (1948) өлеңдер жинақтары да осытақырыпты өзек еткен. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерініңөмірінен "Алтай жүрегі" атты өлең роман (1955) жазды. Оның С.Торайғыров өмірінен жазған "Ақын арманы" (1964), "Арманжолында" (1968), "Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалықроман-трилогиясы қалың жұртшылықка кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелітуындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған. Драматургия жанрында жазған"Қарулас достар" (1948), "Майра" (1954), "Біржан салмен ақын Сара" туындыларын жазды. Сондай-ақ қазақ тілінде орыс, украин,түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған."Қызыл Жұлдыз", "Еңбек Қызыл Ту", "ҚүрметБелгісі" ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы КеңесініңҚұрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.  

Дихан-Баба