ВЕРНУТЬСЯ

15 желтоқсанда Баянауылөлкесінде әулиелі Қызыл тауда дүниеге келген (азан шақырып қойған шын аты Қали-Мұхаммед). Әкесі мәшһүр Нұрғожа Троицк қаласындағы Зейнолла ишанныңмедресесін үздік бітірген. Мәшһүр Жүсіппен, Ақан серімен, Исамен айтысқан,кейбір болыстарды шенеп сын айтқан ақын болған адам. 1932 жылы Сәкен СейфуллинАқан серінің өлеңдерін шығарған. Сол жинақта Ақан сері мен Сүйіндік Нұрғожаныңайтысы келтірілген.Бала кезіндежалдамалы молдадан арабша хат таныған Қалижан бала кезінде қисса-жырларды көпоқып, әдебиетке ерте құмартады. 1924 жылы дін оқуынан кеңес мектебіне ауысқан.1929 жылы комсомол қатарына өтеді. 1930 жылдың басында Ертіс бойындағы Ақсуауылында мұғалім болып істеген. 1932 жылы 19 жасында аудандық"Колхоз" газетінде 8 наурыз - әйелдер күніне арналған тырнақ алды өлеңібасылып шықты. Содан кейін осы газеттің жауапты хатшысы қызметіне жүмысқа шақырылады.1934 жылы мамыр айында Алматыға Қазақстан жазушыларының I съезіне Павлодарданделегат болған. 1934 жылы ҚазПИ-ге оқуға түседі. Ағылшынның атақты ақыныБайронның "Чайльд Гарольд" поэмасының бірнеше тарауларын аударып, олказақ әдебиетінің 8 сыныбына арналған хрестоматияда (1937) жарияланады.1938-1939 жж."Партизан Балтабай" ("Кек"), "Орман қызы","Аксақ құлан" атты үш дастан жазған. "Орман қызы" ҚазақстанОрталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған. 1939 жылы аты шулыКенесары, Наурызбайды мадақтайтын "Батыр Науан" атты поэма жазған. Кейін1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған.Ұлы Отан соғысынақатысқан. Соғыстан оралысымен, әуелі, Тіл әдебиет институтында, кейін Жазушылародағында поэзия бөлімін басқарған. 1959 жылдан бастап, өмірінің соңына дейіншығармашылық жұмыста болған."Шеру"атты алғашқы өлеңдер жинағы 1944 жылы, ал "Көктем" атты екінші өлеңдержинағы 1948 жылы жарық көрді. 1949 жылы "Советский писатель" баспасынан"Под звездами Москвы" атты өлеңдер жинағы шықты. Қырықтан астамөлеңдер мен поэмалар жинақтары шыққан - Алты асқар. Таңдамалы поэмалар мен өлеңдерекі томдығы (1973, "Жазушы"), Үш томдық шығармалар жинағы (1983,"Жазушы"), Мариям Жагор қызы (1950, "Көркем әдебиет"), АқанАқтаев (1957, "Көркем әдебиет"), Жеті дастан (1966,"Жазушы"), Дала комиссары (1960, "Жазушы"), Бақытстан -байтағым (1968, "Жазушы"), Мамырстан (1970, "Жазушы"),Аппақ намә (1974, "Жазушы"), Ұландарым (1979, "Жалын"),Кешкі жаңғырық (1987, "Жалын"), Мария дочь Егора (1956,"Советский писатель"), Избранное. Стихотворения и поэмы (1980,"Художественная литература"), С поэзией иду (1974, "Советский писатель"),Вершины (1976, "Жазушы"), Степной комиссар (1968,"Жазушы"), т.б.Соңғы еңбектері:"Дәстүр және жаңашылдық" (1969), "Өлең өткелдері" (1986,"Жазушы"). 20-ға тарта поэма жазған: "Мариям Жагор қызы","Ақан Ақтаев", "Тұрлаулы тағдыр", "Далакомиссары", "Ақсақ құлан", "Сұңқар туралы аңыз","Кремль сақшысы", "Мамырстан", "Әппақ-наме","Сері күйші", т.б.«Драматургиясаласындағы туындылары: "Егер жүрек шын берілсе" (1962) Қазақтың жастармен балалар театрында, "Ұлан асу" ("Ақтабан шұбырынды",1970) Қазақтың М.Әуезов атындағы драма театры мен Шымкент облыстық драматеатрында, "Нөсерден кейін", "Гималай сарыны" облыстықтеатрларында қойылды.Пушкин,Лермонтов, Гете, Байрон, Некрасов, Горький, Науаи, Маяковский, Симонов, Вургун,Ғұламның, т.б. еңбектерін қазақ тіліне аударды. Шығармалары орыс, украин,армян, әзербайжан, татар, өзбек, тәжік, түркімен, қырғыз, венгр, т.б. тілдерінеаударылды.ҚазақстанМемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), Халық жазушысы (1986), екі рет ЕңбекҚызыл Ту (1959, 1973), Халықтар Достығы ордендерімен (1983), Қазақ КСР-нің ҚұрметГрамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған. 

Қалижан