ВЕРНУТЬСЯ

Қашқынбай ақын Нарын құмының Майтөбе деген жерінде туған. Ағасы Көшкінбайды дұшпандықпен өлтірген билеушілермен қас болған Қашқынбай өз елінен табан аудармасқа шарасы қалмайды. Бар өмірін сыртта өткізеді, қудалау, түрткі көрумен күн кешіреді. Сыр бойында, Хиуа елдерінде баспаналайды. Сол өксіген өмірдің соңында жүріп, ақыр соңында кіндік кескен туған топыраққа жете алмай, Хорезм жерінде қайтыс болады.Ақын «Әуелі, сөз сөйлейін жүрген жайдан», «Айналайын Ыбыраш», «Сәлем айт, барсаң, шырақ, біздің елге», «Ойыл» жырларында өзінің ауыр өмірін, үкіметке наразылығын, туған еліне сағынышын баяндайды.  Терме, толғауларының бірқатарында жақсылық пен жамандық, асыл мен жасық жайында шеберлікпен айтылған. Қашқынбай ақынның шығармашылығы Қ.Сыдықұлының «Ақын, жыраулар» (А., 1974ж.) деген зерттеу кітабында талданған.

Қашқынбай