ВЕРНУТЬСЯ

         XVIII ғасырдың аяқ кезі мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Арқаөңірінде өмір сүрген.Ақындық өнері ерте танылады. Ол әсіресе Бұқар жыраудың жолын,Шал ақынның сыншылдық дәстүрін қадір тұтқан.Сегіз қырлы, бір сырлы жырау әншілікөнерімен де әйгіленеді. «Қайнаған тұтас денем күй менен жыр» деп өзі айтқандай,бармағынан бал тамған күйші, жүрген жерін сайрандатқан сері болған. Жасы сексенгетаянғанша үкілі домбырасын қолынан тастамай, ел біткенді аузына қаратып, бүкіл өмірінөнер жолына қалтқысыз арнаған Қобыланның әдебиетіміз тарихында лайықты орны бар.   

Қобылан