ВЕРНУТЬСЯ

15 қазандаҚарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған.Еңбек жолынҚарағандыда шахтер болудан бастаған. Сол кезден бастап алғашқы әңгімелерінжазған ("Заваль", "Еңбек ері - ел еркесі", "Зейнегүл")."Лениншілжас" газетінде бөлім меңгерушісі, "Әдебиет және искусство"(қазіргі "Жұлдыз") журналында редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.Тұңғыш әңгімелері "Завал" (1936), "Еңбек ері - ел еркесі"(1938) жұмысшылар өмірін суреттеуге арналған. "Армансыздар" повесіндеқазақ шаруаларының өмірін суреттесе, "Төлеген Тоқтаров" (1944),"Саржан" (1945), "Үлкен жолда" (1948), "Тереңтамырлар" (1952) повестерінде, "Жас түлектер" (1945),"Сахара сәулеті" романында, "Намыс гвардиясы" (1942, М. Әуезовпен бірігіпжазған), "Отан үшін" (1949), "Қырағылық" (1941), "Менөлмеймін" (1948), "Достық пен махаббат" (1947) пьесаларында қазақхалқының майдандағы, елдегі жанқиярлық қажыр-қайратын, олардың жеңіске дегенсенімін шынайы көрсетеді. "Достық пен махаббат" пьесасы кезінде қазақдраматургиясына қосылған үлкен үлес ретінде бағаланды. "Бір семья"(1948), "Күншілдік" (1954), "Юм менің әкем?" (1954),"Сәкен" (1965), "Белгісіз батыр" (1966), "Армандастар"(1966), "Мансап пен ұждан" (1977), "Мәди" (1977),"Көлеңкелер қалай жоғалады" (1978), "Нұрлы жаңбыр" (1981),"Кәусар" (1982), "Ажалсыз адам" (1983), "Сәкенаманаты" (1987) пьесаларында адамгершілік, мораль тақырыптарын қозғады."Найзағай" (1969), "Атыңнан айналайын" (1988) романдарынахалық композиторы Мәдидің өмірі мен шығармашылық жолы өзек болды. "Шерлі шежіре"эссе кітабында қаламгер өзі кәріп, куә болған заман тақсыретін зерделей әңгімелейді.Жазушының сан алуан тақырыптарға жазған драмалық шығармалары ұзақ жылдар бойынареспубликалық, облыстық театр сахналарында үзбей қойылып келеді."Еңбек ҚызылТу", "Халықтар Достығы", екі мәрте "Құрмет Белгісі"ордендерімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы (1985).  

Әлжаппар