ВЕРНУТЬСЯ

1945 жылы 25 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібасауданының Пістелі ауылында туған. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген.Сібірде, Қиыр Шығыста әскер қатарында болған.Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетінде, облыстық «ОңтүстікҚазақстан» газетінде көп жылдар бойы әдеби қызметкер, мәдениет, әдеиет жәнеөнер бөлімінің  меңгерушісі болды,облыстық партия комитетінде қызмет атқарды. 1985-1992 жж. Қазақстан Жазушылародағының облыс аралық бөлімшесінде жетекшілік жасады. 1992-1993 жж. ОңтүстікҚазақстан облысы әкімшілік аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі,1993-1997 жж. Облыстық тіл басқармасының бастығы болды. 1998-2001жж. Облыстық ақпаратжәне қоғамдық келісім басқармасы бастығының орынбасары, 2001 жылдан басқармабастығы.«Шілде», «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Нәуірзек»,«Қорғансыз жүрек», «Дауыстың түсі», «Машаттағы махаббат», «Серт пен сенім»,«Ақпандағы мысықтар», т.б. кітаптар жарық көрді. Шығармалары орыс, украин,өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Өзі Шушкиннің, Ю.Покальчуктің, Ш. Айтматовтың шығармаларын, У. Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралыкітабын аударған.Екі дүркін республикалық «Жалын» баспасының сыйлығына, үшрет «Қазақ әдебиеті» газетінің сыйлығына ие болды. 1996 жылы Халықаралық «Алаш»әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының «Құрмет » орденіменмарапатталған. 

Мархабат