ВЕРНУТЬСЯ

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс өңірінде туып-өскен. Ескіше хаттаныған, өлең-жырды жазып та, ауызша да айтып шығарған. Өзі тұстас талайақын-жыраулармен айтысқа түскен. Ол атақты Майлықожа ақынмен өнер жарыстырған.Негізінен толғау ақыны. «Қанай датқаға»,«Майлы ақынға» деген толғаулары бар. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсебұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма»деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығын көрсеткен.«Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жасқайрат» журналында (1924, № 5) жарияланған. Көптеген өлең-жырлары, толғаулары,айтыстары қолжазба күйінде Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы. 

Мәделі