ВЕРНУТЬСЯ

"   15 қарашадаҚостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды селосында туған. Рабфакта оқыды(1931-1932). "Әйел теңдігі" журналында әдеби қызметкер (1929-1932),жауапты хатшы (1932-1934). Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі(1935-1937), Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі (1939-1944), Қазақмемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор (1945-1959) болыпістеді.{mospagebreak}Тұңғыш өлеңі("Женотделге") 1929 жылы, алғашқы өлеңдер жинағы 1935 жылыжарияланды. 1945 жылы жеке кітап болып шыққан "Мәншүк" атты поэмасы1947 жылы орыс тіліне аударылып, басылды, поэма бойынша жазылған телесценарийі1963 жылы теледидар арқылы көрсетілді.Балаларғаарналған "Бөбегім менің - өлеңім менің" атты суретті кітапшаның,"Ана мейірімі" (1961) жинағының және бірнеше ән мәтінінің авторы. Қырғызақыны А.Тоқамбаевтың I томдық өлеңдер жинағын аударып бастырды (1960). Орыстыңбалалар жазушысы И.Диктің "Отты бұлақ" повесін аударған (1953). Өлеңдеріорыс, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, қытай, белорус, армян, т.б. тілдергеаударылды.Екі рет"Құрмет Белгісі", Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдарменмарапатталған. 1986 жылы "Қазақстанның Халық жазушысы" атағы берілді. "

Мәриям