ВЕРНУТЬСЯ

Мұрат ақын ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ең көрнектілердің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған, руы Беріш, оның ішінде Қаратоқай. Мұрат жас  шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып, зеректігі арқасында тез арада мұсылманша хат танығын.Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде «шешен, тапқыр бала» атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқада түседі.Мұрат Мөңкеұлы 1906 жылы, 63 жасында, Жайық бойындағы Өрлік ауылында қайтыс болған.Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығармаларындағы қайшылықтары мен қателіктеріне байланысты дарынды ақынның творчествосы соңғы кезде жөнді бағаланбай келді.

Мұрат