ВЕРНУТЬСЯ

Қазақәдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының шоқтықтыңбірі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МұзафарӘлімбаев. Туған жері Маралды атырабында, (Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағыМаралды ауылы) әнші - күйшілердің, ақын - жыраулардың думан құрған өнертөрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен.Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауылкітапханасының бір қыста 150 - ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап»,«Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады.Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «туар -тумастан тоналған ұрпақтың өкілі...». Сол тұста жетімектің кім екенін,жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932 - 1933 жылы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес,өз басынан өткерген. 1937 жылдың Сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл -қыздарын зорлық - зомбылықпен оққа байлағанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқанұрпақ.        Соғыс басталғанда он сегізге толар - толмаста болғанМ.Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арызберді, бірақ оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалардаярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдыңжелтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп,бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарымайдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасарыболды. (замполитрук)    Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынанұрысқа кірісіпті, 1943 - тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саясиқызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танкбатареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жеріндеәскери қызметке алып қалып, одан елге ... 1948 жылы оралады.    Майданда туған көп ақынның бірі - Мұзафар Әлімбаевтың«Батырға» деген бірінші өлеңі 1944 жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауғақарсы аттан» газетінде жарияланған екен. Кеңес Одағының батыры МәлікҒабдуллинге арналған осы өлеңінде: Баста алға батысқа,Ініңнің күші өскелең- деген артиллерист, лейтенант Мұзафар «өскелеңдігін» тексоғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да көрсеткен.    М.Әлімбаев мұртсыз комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арадажеті жарым жыл өткенде коммунист, жауынгер командир, офицер - танкист атанып,үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніпқайтты.     Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш туқадағандардың бірі Рахымжан Қошқарбаевтың жан - дүниесін, қаһарман ерлігіншабытпен жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентініңсүйкімді бейнесі нанымды мүсінделген. Ал «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ жерінің, кешегі Отансоғысының отты күндері жырланады.Мұзағаңның соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «МеніңҚазақстаным», «Естай - Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақпоэзиясының да шынайы табыстары болып саналады. Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақбалалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылғажуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл басредактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс - құт болды. «Балдырған»журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттерқазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларғаарнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты.       М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбексіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ - олақ», «Шынықсаң - шымырболарсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлесболды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген.М.Әлімбаев мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақтіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал -сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын -зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздікшығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған. 

Мұзафар