ВЕРНУТЬСЯ

12 мамырдабұрынғы Талдықорған облысы, Сарқанд ауданындағы Қарлығаш ауылында туған.Алдымен шешеден, 1941 жылы әкеден жетім қалған ол интернатта, балалар үйіндетәрбиеленіп, білім алған. 1949 жылы Лепсі педагогика училищесін, 1954 жылыҚазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Жазушы өзініңжурналистік қызметін облыстық "Алма-Атинская правда" газетіненбастаған. 1955 жылы март айынан бастап "Литературная газетаның"Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, кейінірек "Ленинская смена" газетіредакторының орынбасары, Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша"Правда" газетінің тілшісі, "Қазақфильм" студиясының Басредакторы, "Қазақ әдебиеті" газетінің Бас редакторы, ҚазақстанЖазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, республикалық тарихи ескерткіштермен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумыныңтөрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.Жазушы Азия жәнеАфрика елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі комитеттің, Африка халықтарымендостықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының, Африка халықтарымен достықтыңАссоциациясы Басқармасының мүшесі, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерініңдепутаты болды.Қазақстан Ленинкомсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неруатындағы сыйлықтың лауреаты. "Құрмет Белгісі", Халықтар Достығыордендерімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы. 

Әнуар