ВЕРНУТЬСЯ

1936 жылы 18мамырда Алматы қаласында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетінбітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. "Казахстанскаяправда" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм"киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, ҚазақстанЖазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттіккомитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағытөтенше өкілетті елшісі болды.{mospagebreak}Туындыларын орыстілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы - "Арғымақ"(1961) шыққаннан кейінгі қырық жылдан бері "Адамға табын, Жер, енді"өлеңдері бүгінгі ТМД елдері халықтарының көптеген тілдеріне, шет ел тілдерінеаударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. Кинодраматургия, әдебизерттеу саласында да еңбек етіп жүр. Оның жалғыз сценарийі бойынша "Атамекен","Көгілдір маршрут", "Қыс - қолайсыз маусым", т.б. фильмдертүсірілген. "Аз и Я", "Язык письма" атты тілге қатыстызерттеулері жарық көрді.Ядролық сынаққақарсы "Семей-Невада" қозғалысының, Халық Конгресі партиясының лидері.Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1967),Қазақстанкомсомолы, БЛКЖО сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы. ЕңбекҚызыл Ту, "Құрмет Белгісі", Октябрь Революциясы ордендерімен, көптегенмедальдармен марапатталған. 

Олжас