ВЕРНУТЬСЯ

                                                        (1860 -1925)             КҮЙШІ, ӘНШІ, ЖЫРШЫ, АҚЫН Өскінбай Қалманбетұлы– қазақ, түрікмен, қарақалпақ жеріне атағы кең жайылған айтулы күйші, әнші, ақын, жыршы. Ол 1860 жылы бұрынғы Гуьрев (қазір Атырау) облысының Маңғыстау ауданына қарасты Жетібай  жерінде дүниеге келеді. Әкесі Қалманбет мергендік өнері бар момын шаруа, ауыл-аймағына құрметті адам болған. Қалманбетте әншілік, күйшілік дарын болмаған. Одан өрбіген ұлдары Өскінбай, Үлкенбай, қыздары Көркей, Шырай, Ақжандар шетінен домбырашы болған. Әйел адамның ерлермен тең түсе өнерге араласуын сөлекет көретін о дәуірдің әдет-салтынан қаймыққан Қалманбеттің қыздары інісі Өскінбайды қарауылға қойып, ауылда қонақ жоқта қараша күркені күйге бөлеп жатады екен.Өскінбай – Абыл, Нұрым, Қашағандар дәстүрін ілгері дамытқан бұқара жыршысы, импровизатор ақын. Бізге жеткен шығармалары: "Балқасым биді жеңуі", "Ырзабек, Бурабек байларды әшкерелеуі", "Алмағамбет байды тілдеуі", "Әкесінің басында айтқаны ", "Қоштасу", "Жирен жорға", "Кербез Айша", "Жеті бұлбұл", т.б. өлеңдері мен әңгімелері.Өскінбай 1925 жылы өлген. Зираты Маңғыстаудағы Қарақия жотасының Доңаза мекенінде.

Өскінбай