ВЕРНУТЬСЯ

Жазмыш жардан ұшырар,
Жейді ме адам көп таяқ.
Патша неден қысылар,
Пенде басы доптай-ақ
Патша басы алтын ба,
Өмірі оның жұмақтай.
Көз де үйренер жарқылға,
Билік туын құлатпай.
Теңер тіпті құдайға ел,
Тас мүсінді қаптатып.
Темір тозып,
Құлайды ер,
Тұрмас мәңгі тақ-бақыт.
Небір сурет ілінер,
Пенделер көп жағынар.
...Хан қадірі білінер
Түскен күні тағынан.