ВЕРНУТЬСЯ

"Қазақ поэзиясына өзінің азаматтық үнімен, сырлы сазды лирикалық өлең,дастандарымен сүбелі үлес қосқан қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаев1934 жылы мамыр айының 15-жұлдызында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы"Оймауыт" ауылында дүниегекелді. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін Жезқазған қаласындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Дарынды ақынның алғашқы өлеңдері сол кезден бастап республика баспасөзіндежариялана бастады.Сағи Жиенбаев 1956 жылдан бастап біржола шығармашылықпен айналысты. Ол"Қазақ әдебиеті", "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан")газеттерінде, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз"журналдарында бөлім меңгерушісі болды. Ұзақ жылдар бойы "Жазушы"баспасында поэзия редакциясын басқарды.Сағи Жиенбаевтың лирикалық өлеңдері оқырман қауымның ыстық ықыласынабөленіп, әдеби сында жоғары бағасын алды. Тұманың тұнық суындай жарқыраған Сағижырлары - ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған салмақты дүниелердіңқатарында.Ақынның өлеңдері туысқан халықтар және шетел тілдеріне аударылып жарық көрді.Ол қазақ композиторларымен шығармашылық байланыста болды. Ғазиза Жұбанованың"Еңлік - Кебек", Базарбай Жұманиязовтың "Махамбет"операларыныңлибреттосын жазды.{mospagebreak}Ақынның алғашқы"Қарлығаш" аталатын өлеңдер жинағынан кейін "Сыйлық", "Таң алдында", "Далагүлі", "Қайырлы таң", "Алтын қалам","

Сағи