ВЕРНУТЬСЯ

(1895-1983)  Балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали Бегалин 1895жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауылында туды. Ауылдағы молдадан оқып хат танығансоң, Семей қаласына келеді. "Приходская школаны" 1915 жылы бітіреді.1916 жылы патша өкіметінің жарлығымен әскер қатарына алынады. Петроградтүбінде қара жұмыс істеп, 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ғана үйінеқайтады.1925-1928 жылға дейін аудандықхалық соты болады.1935 жылы "Теміржолшы"газетіне әдеби қызметке орналасады.Әдеби жұмысыҚазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, кейінірек Жазушылар одағында жалғасады. Ұзақ уақыт әдебикеңесші болады. Шыңдап әдебиетке араласуы осы жылдардан басталады.Өмірі шежіреге толы жазушы жиырмашақты поэма, оннан астам повесть,жүздеген әңгіме, көптегенестеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған.Оның әңгіме-повестерінде малшыларөмірі, аң аулау, атбегілік, құсбегілік, мергеншілік сияқты ұлттық кәсіптеріміздің сан қыры қызықты, әсерлі бейнеленеді.Халқымыздың асыл перзенті ШоқанУөлиханов туралы "Шоқан асулары"дилогиясы - тамаша адамдар өмірінфактілік негізден ауытқымай, дәл  бейнелейтін туынды. Ол Шоқан өмірінің сәттібір көрінісін таба білген. Бала Шоқанмен мүсінші Мысық дегенбаланың достығы - "БалаШоқан" повесінің сюжетінің негізгі бір арқауы."Сұрапылда", "Керкиік","Колхоз бәйгесі" әңгімелерінде ғасырлар бойы мал өсірумен шұғылданған халықтың бәйге атқа сүйіспеншілігі суреттеледі. "Замана белестері"мемуарлық романының басты кейіпкерлері(М.Әуезов, Н.Құлжанов, т.б.)қазақ халқына есімі белгілі адамдар."Жамбылдың ата тегі,өмірі", өнер саңлақтарыжайлы "Сахара сандуғаштары","Халық ақындары" т.б. еңбектері С.Бегалиннің зерттеуші, фольклорист маман ретіндегі бір қыры.Ол "Құрмет белгісі", "Халықтардостығы" ордендерімен марапатталған. 

Сапарғали