ВЕРНУТЬСЯ

" Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923) - қазақтың атақты әнші -композиторы, суырыпсалма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8ауылда ( қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, «Қызыларай» колхозы ) туған.Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттіңатамекені болған. Әсет жеті-сегізжасында Көктума да ( қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бахты ауылы )Зейнулла имамның медірессесінде оқиды. Он төрт-он бес жасқа келгенде әкесі өліп,Көктал болысындағы нағашысына барады. 14 - 15 жасында - ақ ақындық, әншілікөнерімен танылған. Әсет - ең алдымен ақын. Оның кейбір өлеңдері құдайға сыйыну,дінді уағыздау сарыны байқалады. {mospagebreak}Әсет - асқақ әнші, дарынды халық композиоры. Арқаның АқанСері, Біржан Сал, Құлтума, Жарылғапберді, Үкілі Ыбырай т.б. Әнші -композиторларының тамаша дәстүрі Әсеттің орындаушылық өнеріне, композиторлықшығармаларына зор ықпал еткен. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Рысжанмен айтысқансапарында Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді әндерін естіген. Осы бір өнер сапарыныңнәтижесінде Әсет үлкен шығармашылық толғанысқа түсіп, «Шама», «Әсет», «Майдақоңыр», «Мақпал», «Қайшақбай» сияқты әндерін шығарған. Оның «Үлкен Ардақ»,«Кіші Ардақ», «Еркем - ай», «Қаракөз» әндерінен де Арқа әндерінің кең тыныстышалқымалы әуені сезіледі.1916 жылы патша жарлығына байланысты дүрлікке елмен біргеӘсетте Қытайға өтіп кетеді. Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісін, оның халыққаәкелген теңдігін, бақытын естігенде Әсет Отанын аңсайды, өз еліне келудіармандайды.  Көп ұзамай Әсет әншілігіменжұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да шешесін қолынаалдырады. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған.Әсет ойғажүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Тегі әншілік өнеріне ден қойғанынанболу керек, өзінің ақындығына көп мән бермей келіп, ақыры өлер алдында «кейінгіұрпаққа Абайша сөз қалдырмадым деп қатты өкінеді. Әсеттің тағы бір ерекшелігікүрделі сюжетті поэмалар жазуды да машықтаған. Қай шығармаларын алсақ та оныңүлкен өнер иесі болғандығы көрініп тұр.             "

Әсет