ВЕРНУТЬСЯ

"    Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақтопырағында дүниеге келген.Шерхан Мұртаза Қамалғаарнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғнижетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті. Иә, ол рас,мен бұл сөзге көңіл аудармаушы едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді.Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрысайтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға даосы жасқа жетіп қалыпты.  Әкесі Мұртаза 1937 жылысталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан 1941 жылы Талапты мектебіндебірінші кластың табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге еңбекке деараласты. Балалық шағы соғыстың қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді. {mospagebreak}1950 жылы Жамбыл қаласындаинтернат үйінде жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң әуеліМәскеу полиграфия институтыңда, үшінші курстан бастап Мәскеудің мемлекеттікЛомоносов атындағы университетінде оқып, журналистика факультетін 1955 жылыбітіріп шығады. Сол жылдардың өзінде-ақ ол башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің бірповесін, Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» романын қазақшаға аударады.Шерхан Мұртазаның ел, қоғам,мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Оның бәрін бір мақаладақамтып шығу мүмкін де емес. Алдымен өзі әдебиетке келген аударма ісіненбастасақ. Шерағаң әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың  негізгі шығармаларын қазақ тіліне аударыпты.Иә, Шыңғыстың сан-қилы пәлсапалық тұжырымдарға толы шығармаларын аудару кезкелген қалам ұстаған адамға оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Осының өзіненжазушының көп ізденгендігі, әрі жазушының ойын терең түсіне білгені анықкөрініс береді. Шерағаң Шыңғыс Айтматовтың «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңізжағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть,романдарын орысшадан аударды. Осы шығарманың кез-келгенін екі тілде алып оқыпотырсаңыз, шығарманың шұрайлы тілмен өте көркем аударылғанын байқайсыз. Мен бұлжерде Шерағаңның тек жазушы, қоғам қайраткері ғана емес, үлкен аудармашы екенінде айтқым келеді.Шерхан Мұртаза       өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттыңсұлулығымен астастыра өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын тереңтүсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете біледі.Шерағаңның «41-жылғыкеліншек» атты әңгімесінде Хадишаның өмір бойы күткен Мақсұт есімді жарымайданға кеткеннен оралмады. Хадиша күні-түні Мақсұтты күтумен болды;«Сорлысың, сорлы, - деп Ақшайернін шығарды, ерніңе күйдіргі шыққыр.-          Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт,-          деп кекетті.-          Күтемін, - дедім. - Жүз жыл күтемін, -дедім.Сөйттім де, ызаға шыдайалмай, айқай салып далаға атып шықтым.-          Қайдасың, Мақсұт! - деп айқайладым.Үйге енді кіріп отырғаным даосы еді, сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не бетін айтар екен, бәлем.Ол үндемеді. Бәрін үнсізтыңдап босағада әлі тұр.Неге үндемейсің, Мақсұт?! -деп, Хадиша сонда шыңғырып жіберді.Хадиша өз даусынан өзішошынып оянды. (Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы,Қазығұрт, 2002. 41 жылғы келіншек. 301-бет)Бұндай эпизод ШыңғысАйтматовтың шығармаларындағы әйелдер бейнесімен де үндесіп, сабақтасып жатады.Жазушының адам, әйел бейнесін жасаудағы шеберлігі,  таным, түсінігі Шыңғыс Айтматовтыңшығармаларын қазақшаға аудару үстінде де үнемі сезіліп отырады. Бұданқорытынды: таланттар ұқсастығы, әдебиеттер байланысы, қазақ-қырғыз әйелдерініңәдеби толыққанды бейнесі ұқсас екені анық байқалып отырады.Жазушының кең құлашты, өзектішығармасы - бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы. Қазақ халқының бір туар ұлыТұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқыныңбасынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстықықыласына бөленген шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл жебе» романындағыТұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен,керемет көркем оймен шынайы суреттеуі.Әрбір адам дөңгеленгентарихта әртүрлі оқиғаларға куә болып қана қоймай, сол күрделі оқиғаларға тікелейқатысты және жасаушы болып тарихта қалатынын оқырманның алдына тартады. ТұрарРысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы,тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырыпайтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасыбола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сомтуынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақхалқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылықарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыркезеңін шынайы суреттей білді.Ал, проза саласында жазушыныңәдеби тұлғасын айқындай түскен шоқтығы биік шығармасы, көлем жағынан да мазмұныШерхан Мұртазаның 70 жылдықмерейтойы қарсаңында 6-томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Бұл оқиғажазушының 70 жылдық мерейтойына науқангершілікпен қарау емес, оның әдебиеттегі еңбегінбағалағандық деп айтуымыз орынды. Біздің ойымызша, жазушының аударматуындыларын жеке жинақ етіп шығарса да, артық болмаған болар еді. Себебі,аудармашылық қызмет әр жазушының қолынан келе бермейтін тіршілік. Аудармашылық- әдеби саладағы үлкен шығармашылық құбылыс. Оны жеке басылым етіп шығару, оғанталдау жасау, жазушының төл туындысымен қатар санау, қадірлеу жазушыныңшығармашылық тұлғасын аша түседі.Шерхан Мұртаза 70 жасқа үлкентабыспен келді. Жазушының еңбектерінде үлкен саналы да сындарлы ой жатыр,ізденіс жатыр, еңбек жатыр, талант жатыр. Жазушының 70 жылдық тойы Тараздың2000 жылдығымен қатар келіп отыр. Мұны бекер айтып отырған жоқпын, Шерағаңжазушы ретінде де, қайраткер ретінде де ой-санасымен де, жекелеген ісімен деқаланың, өңіріміздің гүлденуіне, өсуіне, еңбеккерлерінің рухани жағынан байболуына үнемі күш салып келе жатқанын тараздықтар жақсы біледі. Оған бір мысал,қаланың орталық Төле би көшесінің бойынан арнайы өз қамқорлығымен Ш. Мұртазадеген тараздықтардың жиі баратын кітап дүкенінің ашылуы. Бұл біз үшін үлкенқуаныш десек, артық болмас.Бұл жасқа жазушы үлкенқаламгер, прозашы, публицист, аудармашы, ірі қоғам қайраткері, халықтыңжанашыры, жоқтаушысы болып келіп отыр. Ш. Мұртаза әлі де ізденіс үстінде.Болдым, толдым деп отырған жағдайы жоқ. Әлі де туған халқының рухани қажетінетей беруге қам жасау үстінде. Біз қашанда жазушының сол мақсаттарына жетеберуіне тілектеспіз.«Ісіңізге, еңбегіңізге,оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіздер, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер»,деген екен Қаныш Сәтпаев.Жазушы да осындай жеңіскежетті.Шерағаңның ел, халық үшінатқарған еңбегін, 70 жасқа толған мерейтойы қарсаңында мақтанышпен айтсақ, жасұрпақ тәлім-тәрбие алар өнегелі іс болады-ау деп ойлаймын."

Шерхан