ВЕРНУТЬСЯ

(1924-1988)(5.10.1924 - Жамбыл облысы Талас ауданы "Ойық" селосы - 29.10.1988, Алматы) - қазақ ақыны, сатирик.Ұлы Отан соғысына катысқан. ҚазПИ-ді бітірген (1956). 1943-57 ж. Жамбыл облысы Талас ауданында педагогикалық қызметте болды. 1957-84 ж. "Мектеп" баспасында редактор, "Қазақстан мұғалімі" газетінде әбеди қызметкер, бөлім меңгерушісі, "Ара" - "Шмель" журналында фельетонист, "Жазушы" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі. "Тотияйын" атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 ж. басылып шықты.Келеңсіз құбылыстарды, етектен тартар ескілік қалдықтарын, адам бойындағы кемшіліктерді сынап сықақтайтын "Қу түлкінің сыбағасы" (1961), "Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің" (1965), "Шымшыма" (1966), "Ұры тіс" (1967, "Алтын жұмыртқа" (1969), "Ұр, тоқпағым ұр"(1970), "Жүз шымшыма, қырық қышыма" (1974), "Қоңыраулы шеңгел" (таңдамалы, 1974), "Кездік" (1976), "Сандықтан шыққан сайтан" (1977), "Жымияды жеңешем" (1984), "Жасырайын несіне" (1983), "Өткірдің жүзі" (1985) атты сатиралық өлеңдер жинағы, тарихи тақырыпқа жазған "Үміт жұлдызы" атты повесі (1984) жарық көрді. Балаларға арналған жыр жинақтары да бар. Бірқатар ән текстерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрді. 1963 жылы "Крокодил" журналында Шона Сымаханұлының мысал-сықақтары жарияланды. Ш.Сымаханұлы "Қазақ ССР Құрмет грамотасы" және медальдармен наградталған.

Шона