ВЕРНУТЬСЯ

    Шортанбай ақынның өмірбаяны туралы мәліметтер аз. Бұл жөніндегі деректердің көбі шашырапжеткен үзінді. Бір алуан мәліметтерге қарағанда, Шортанбай Қанайұлы1818 жылдың шамасында осыкүнгі Оңтүстік Қазақстаноблысының Түркістан ауданындағы Қаратау деген жерде туған. Екінші бір деректеШортанбай Ақмешіт қожасыделінеді, бірақ өмір сүріп, ақындық құрған жеріҚарқаралы уезіндегі Бесата деген ел. Алғашқы кезде Шортанбай Жамантай төреніңмаңында болған, кейін Жанғұттыбидің қолына барып, сонда өлген.{mospagebreak}    Ақынның шығармалары XIX ғасырдың70-жылдарында жарық көріп, «Бала зары» деген атпен Қазан қаласында бірнеше ретбасылып шықты.    Шортанбай өлеңдерінде қайшылықтаркөп. Бір жағынан ол дінді уағыздап, Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуынәтижесінде болған жаңалықтарды қабылдамай үрке қараса, бұрынғы заман өтті, енді ақырзаман жақындапқалды деп зарлан-са, екіншіден өз заманындағы кейбір жексұрын мінездерді, бай мен болыстың, қожа-молданыңозбырлықтарын, кедей шаруаның ауыр халін реалистік тұрғыдан суреттейді. Әрине, бұдан Шортанбай бұқара халықтың мұңын толық түсіне білді, оның жыршысы болды деген ұғым тумайды. Бізәрқашан да ақыннан қалған әдеби мұрағаталғаумен қарап, ондағы кездесетін қайшылықтар мен теріс көзқарастарды сынапотыруымыз қажет 

Шортанбай